2001 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 2019 жылы «Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ бітірген. Жеңіл атлетикадан спорт шеберіне кандидат, жеңіл атлетикадан республикалық жарыстардың чемпионы және жүлдегері, өрт-құтқару спортынан спорт шебері. Орта қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионы. 2024 жылы Қытайда өткен өрт сөндіру және құтқару бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның екі рекорды (100 метрге кедергілер мен эстафетада). Әлем чемпионатының қола жүлдегері.








