Черепанов Д. Ф.

 Черепанов Дмитрий Феофанович

Дмитрий Феофанович Черепанов 1907 жылы 16 маусымдатуған. Қаңылтыршы мен сауатсыз діндар шаруаның отбасында дүниеге келіп, ол ауылдық алғашқы комсомолының бірі болды.Лосихаауылы- (қазір Верх-Уба а.) алтай діни ізденушілер орталығы және көптеген іріткі салушы секталардың жинақталатын орны болған. Болашақ жазушының балалығы діни атмосферада өтті.

   Баланың мінез-құлқы қалыптасуына табиғаты көркем әрі бай үбі әсер етті. Үй шаруалары мен сабақтан бос уақытында Дмитрий өз достарымен өзенге барып- балық аулайтын. Кейініректе жазушы достарымен балық аулап, тау-тасты аралап, орманнан жидек теретіндерін, оларды үнемі табиғат өзіне тартатынын есіне алған.

     1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы алғашқылардың бірі. Лосихада комсомол ұяшығы құрылды. 13 жасында Дмитрий комсомолға енеді. 

      Предгорное ауылында 7 сыныптан кейін Өскемен педтехникумына түседі. Осы уақытта онда болашақ жазушылар А.М. Волков пен М.Ф. Иванусьев-Алтайский, философия ғылымдарының докторы  Л.Ю. Каюковский, М.Р. Муравьев, Д.С. Романов, А.И. Седельников және басқалары ұстаздық еткен. Дәл осында, педтехникумда  қоғамтану мұғалімі М.Ф. Иванусьев-Алтайский Дмитрийдің әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятады. Д.Черепанов «звено Алтая» әдеби бірлестігіне енген. Қатысушылар интернат-коммунда тұрған. Киізде ұйықтап, үнемі қарындары тоқ болып жүрмейтін, алайда оған олар қайғырмайтын. Шулы жиналыстар, қызу даулар, көңілді кездесулер, спорт сайыстары, жарқын болашақ туралы армандар- осының бәрі олар үшін бақыт болды.

20-шы жылдары Өскемен педогогикалық техникумын, одан кейін Семипалатинск педогогикалық институтын аяқтағаннан кейін Дмитрий ФеофановичМариневка  және Усть-Бухтарма ауылдарында мұғалім болып жұмыс атқарған. Осында ол өзінің алғашқы әңгімелері мен өлеңдерін жазады. Оларды "Крестьянский журнал", "Журналкрестьянскоймолодежи", "Прииртышскаяправда", "Сибирскиеогни" басып шығарады.Д.Ф. Черепановтың әдеби қабілеттері байқалып, 1930ж. көстемінде "Прииртышскаяправда" газетә редакциясына жұмысқа шақырады. Жас жазушы мақалалар, очерктер, ауылдағы өзгерістер туралы корреспонденция, құрылысшылардың жетістіктері, Алтайдағы таукен өнеркәсібінің дамуы туралы, Рубцовск-Риддер темір жолының құрылысы туралы жазады.

     1937 жылы Черепанов күтпеген жерден тұтқынға алынады, бірақ бір айдан соң дәлелдер жеткіліксіздігінен босатылады. Төр жыл ол Ұлы Отан соғысы майданында болды.

   Ұлы Отан соғысынан Семипалатинскке, туған редакциясына оралып, Д. Черепанов журналистік жұмысқа еніп кетеді. Бірнеше онжылдар Д.Черепанов Семипалатинск облыстық газетінде жұмыс атқарды. Алайда оны өз ұрпағының жастығы туралы жазу арманы ойынан кетпейді. Барлығы түбегейлі зерттелгеннен, өмір көрген және басынан қайғыны да өткізгеннен кейін, туынды сызбасы мен болашақ кітаптың кейіпкерлері тағдыры ойша анықталып, ол «Крутизна» повестьін жазуға отырады.

     1956 жылы ол жарыққа шығады. Бұл жазушының, 20-30-шы жалдары Өскемен мен оның маңайындағы ауылдардағы болып жатқан оқиғалары туралы алғашқы ірі туындысы. Бұл біздің республикамыздағы комсомолдар туралы алғашқы кітап, комсомолдар мойнына Октябрьді жаулауға қарсы тұру, колхоздар ұйымдастыру, УльбаГЭС құрылысы, сауатсыздықты жою жүктелген.

 Дмитрий Черепановтың «Комиссар» деректі повестьі қызықты. Онда өзі жан дүниесін, жүрегі, жадын тұтастай ашып, басынан өткергенін, ең жанына жақын әрі қымбат: Өскемен педтехникумында оқудағы күндерін, курстастары, армандары, олардың тағдырлары, девизия комиссары Евгений Павлович Рыков туралы әңгімелейді.

Туған өлкеге, оның тарихына деген махаббат қайта-қайта жазушыны қылқаламды қолына алғызады. Ол өз өлкесіне адал, ол оны еңбекте де, бақытта да, күресте де және қасіретті қателескенде де  сүйеді.   Сондықтан да, оның басқа кітаптары:"По зову сердца" (1959), "Туман из ущелья" (1959), "Камень на дороге" (1962), "С докладом выступит другой" (1965), "Имена на обелисках" (1970), "Комиссар" (1977), "Час прощанья" (1977), "Сквозь годы" (1982) Ертіс маңайына, оның табиғаты, адамдары, тарихына арналған. Осы қызықты кітаптардың негізін құрауға ауылдарды аралау, көптеген хаттармен жұмыс, өмірлік бақылаулары түрткі болды.

   Дмитрий Феофановичтің "Звездападучая"пьесасы бойынша Ф.Достоевский атындағы Семипалатинск орыс драмтеатры спектакль қойды.

Д.Черепанов жазушылық қызметі үшін Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО алты медалымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

                       

              

 

Тыцких Михаил Сергеевич

1922 жылы Алтай өлкесінің Змеиногорск қ. туған. Балалық пен жастық шағын Шемонаиха ауданында өткізген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, үкіметтік наградаларға ие. Саяси тұтқын ретінде қамауға алынған. 1952 жылдан Өскеменде тұрады, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің бұрынғы жетекшілерінің бірі. Ақын, прозаик, философ-эколог.  «Экология и жизнь/Вопль смертного» философиялықзерттеу авторы. «На краю бездны»,   «Тропа свиданий»  (2001г.), «Грехи наши тяжкие» жинақтарының авторы. Қазақстан мен Ресей мерзімді басылымдарға баспаланған.

Седешев Петр Макарович

Седешев Петр Макарович

1918 жылы 15 шілдеде Алтай өлкесінің Нечунаево Шипуновское ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, әскери мамандығы екеу-радиошы және ауыр танкілердің механик-реттеушісі. Соғыс кезінен шағын суреттеулерден бастап жаза бастаған. Іскери тілші ретінде әскери тілшілер семинарларына қатысқан, сонда Илья Эренбургпен танысып, ал кейінірек хат алысқан, жазушылар БорияПолев, Николай Тихонов, Константин Симоновпен жолыққан. Сонда табиғат Петр Макаровичке өзін түсіну мен бағалауға, қоршаған әлемді танып-білуге, бұл әлемдегі өз орнын анықтауға көмектесті. "Я создан природой для природы, а река Уба, горы, леса, луга - мой постоянный компас"- депөзөмірбаянындажазған. Шынында да, оның кішкентай өлеңдерін, табиғатты суреттеулерін оқи отырып, оның қоршаған әлемді соншалықты сезінгеніне,оның қарапайым ауыл жолын жарқын, бейнелеп жазғанына таңырқайсың. Ал одан әңгімелері үшін сюжеттерді қайдан алғанын сұрасаң, үнемі былай жауап береді:"писать о природе очень просто, нужно только уметь слушать её..., а если приглядеться к окружающему миру, он обязательно поможет разжечь в душе костер доброты".Шемонаихадағы «ЛЗ сегодня» аудандық газетінің тұрақты штаттантыс тілшісі болған. Қазір ШҚО Риддер қ. тұрады.

 

 

 

Селиванов Владислав Степанович

  Владислав Степанович Селиванов

1940 жылы Томск облысының Средння Моховая ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін екі жыл Рубцовск қаласындағы Алтай трактор зауытында токарь, фрезерші жұмыс істеген. Барнаул қ. институтты аяқтаған. Институтты аяқтағаннан кейін инженер-механик мамандығын алып, екі жыл ұстаздық қызмет атқарған. Одан кейін құрылысқа жұмысқа барды, Осылайша, 67 жасында Шемонаихаға келді.

Ол «Химстрой» Трестіне ҚЖБ-2 (құрылыс-жөндеу басқармасы) механигі болып жұмысқа орналасты. Шемонаихадағы алты жыл бойғы жұмысында Владислав Степанович өзін еңбексүйгіщ адам ретінде көрсетіп, «Межколхозстрой» ауысып, онда басқарушы орынбасары болды.

1980 жылдан  Владислав Степанович ірі жөндеу-реттеубасқармасының бастығы қызметін атқарды. 2000 жылы зейнетке шықты.

Өазіргі уақытқа дейін Владислав Селивановтың"Подорожник", "Дорогами войны", "Сенокос" «Наследие» авторлық өлеңдері және прозада «"Над речкою снежной» жарыққа шықты.

Осындан басқа біздің жерлес оннан аса поэтикалық жинақтардың авторласы болып табылады. Айта кету керек, Владимир Степановичке «Дорогами войны» өлеңдер жинағы үшін материалдарды жинақтауға шемонаихалықтар көмектескен, атап айтқанда ауданда кең танымал жазушы-тарихшы


Егер сіз Владислав Селивановтың өлеңдерін оқығыңыз келсе, Стихи.ру (www.stihi.ru) сайтына кіріп автордың аты-жөнін іздеу ұяшығына жазсаңыз болғаны.

 

Родионов Виктор Яковлевич

1954 ж. 2 наурызда ШҚО Шемонаиха ауданының Рулиха ауылында дүниеге келген. ММУ журналистика факультетін іштей оқыған. Онда прозада жерлестерін әзілдеп суреттеу мен өте жарқын лирика. «ЛЗ сегодня» аудандық газетте баспаланған. 2003 ж. желтоқсанында өмірден өтті. Виктор Радионов туралы естелікке оның «История о любви» поэмасы жарияланды. (ЛЗ Сегодня», 2004 ж. №3 16 қаңтар).