- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
Николаев Виктор Николаевич - псевдоним (жазушы,прозаик)
Шын есімі Виктор Николаевич Князькин 2.05.1958 жылыШығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Рассыпное а. туған.1975 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін ВышнийВолочек қ. Мәскеу әскери округінде жедел қызметте болған. 1977 жылы армиядан Курган жоғарғы әскери-политикалық авиациялық училищесіне түсіп, оны 1981 жылы аяқтайды. 1981-1987 ж. Закавказ әскери округінде қызмет еткен. 1987-1988 ж. Ауғанстанда іздеу-десанттық топ бастығы қызметін атқарған. 1988-1989 ж. Сумгаит, Степанакерт, Карабах, Спитак, Тбилисиде штаттантыс жағдайлар бойынша тапсырмалар орындаған. 1990-1993 ж. Әскери-политикалық академияда оқыған.
Алғашқы кітабы «Живы́й в помощи» (ауғандықтар жазбалары) деректі повесть 1999 жылы шығарылды. .
«Из рода в род» (2003) — деректі повесть
«Безотцовщина» (2009) — деректі повесть
«Время подумать о главном» (Шамординді коқиғалар) (2011)
Ресейдің Үлкен әдеби сыйлығы 2002ж. «Живый в помощи» повестьі үшін. Патриарлық әдеби сыйлық 2012 ж. Ресей Жазушылар Одағының сыйлығы «Честь имею» (2000). «Прохоровское поле» сыйлығы (2002). Ресей Жазушылар Одағының мүшесі. Запастағы майор. «Красная Звезда» орденімен марапатталған.
- Большая литературная премия России (2002) —
- Патриаршая литературная премия (2012)
- Состоится очередная встреча Благотворительного Духовно-Просветительского цикла «Возвращение на Родину»
- Сайт Союза писателей России.Объявление лауреатов за 2002 год (2002).
- Лауреатами Патриаршей литературной премии 2012 года стали Олеся Николаева и Виктор Николаев
- Писатель Виктор Николаев на сайте Издательского Совета Русской православной церкви
- Толығырақ
-
Категория: Әдеби Шемонаиха
Анатолий Степанович Иванов
Шемонаиха қаласының құрметті азаматы және тумасы. Иванов 1928 жылдың 5 мамырында Шемонаиха ауылында дүниеге келген. 1945 жылы ҚазММ оқуға түсті. Оқу кезінде Иванов өзінің алғашқы корреспонденциялар, мақалалар, очерктерін жаза бастаған. Армиядан қайтарылғаннен кейін Новосибирск облысы Мошковский ауданында «Ленинскоезнамя» газетінде редактор болып жұмыс жасаған.
Алғашқы туындысы- «Дождь» әңгімесі- 1958 жылы жарияланды. «Алкиныпесни» повесті бойынша радиопьеса, опера, спектакль қойылған. «Повитель» романы 1958 жылы «Сибирскиеогни» журналында жарияланды. «Повеитель» романы жарыққа шыққаннан кейін Анатолий Степановичті Жазушылар Одағына қабылдайды. 1958 жылдан 1964ж. дейін ол «Сибирскиеогни» журналының бас редакторы орынбасары болып жұмыс атқарады.
1963 жылы «Сибирские огни» журналында, ал одан кейін «Роман-газетінде» және Мәскеуде жеке басылым болып миллиондаған таралыммен А.Ивановтың «Тениисчезают в полдень» жаңа романы шығады. «Тени исчезают в полдень»романынан кейін Анатолий Степанович кең танымал болды. Осы туындының сарыны бойынша түсірілген фильм мемлекеттік сыйлық алды.
«Вечныйзов» роман-эпопеясын Анатолий Иванович 1963 жылдан 1975 жылға дейін 12 жыл жазған. Бұл туындыда бірнеше ұрпақ кейіпкерлері өмір сүріп, сүйіп, қайғырып, өмір сынақтарынан өтіп кейбіреуі мықтырақ болып, ал кейбіреулері өзін-өзі жоғалтады. Роман оқиғалары, кейіпкерлердің істеген істері арқылы ел өмірбаяны жеңіл қаралады.
Кеңес әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін өз туындыларына әлеуметтік әділеттілік салтанатын бейнелегені үшін А.С.Иванов 1984 ж. 14 қарашасында Социалистік Еңбек Ері атағын алады, «ОрденЛенина» «Серп и молот» алтын медальін. Алғашқы кітабы «Вечныйзов» роман-эпопеясы үшін Иванов Горький атындағы РКФСР Министрлер Кеңесінің және БКООК алғашқы сыйлығына және КСРО жазушылар Одағы сыйлығына лайық болды. Фильмге сценария жасағаны үшін КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1993 жылы "Ерма«" туындысы жарияланды. Повест жазылғаннан кейін төрт жыл өткен соң түсірілген аттас фильм 1997-1998 жылдары ресейлік видеопрокаттың көшбасшысы болды.
Көптеген жылдар бойы қарқынды жазушылық жұмысын Иванов белсенді қоғам, редакторлық және мемлекеттік қызметтермен қатар алып жүрді. 1969 жылдан «Молодая гвардия» журналы бас редакторының орынбасары, 1972 жылдан журналдың бас редакторы болды. КСРО Жазушылар Одағын Басқару хатшысы, КОКП 27 съездінің делегаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірнеше жиынының депутаты болып табылған. «Өскеменнің құрметті азаматы» құрмет атағы берілген. 200 ж. Новосибирск тұрғындары Ивановқа «20 ғасыр азаматы» атағын берді.
Анатолий Степанович 1999 жылы 31 мамырда дүниеден өтті.
Стенографический отчет Третьей сессии Верховного Совета СССР (одиннадцатый созыв) 2-3 июля 1985 года по депутатским полномочиям А.С.Иванова